«Айсұлу бөбекжайында инклюзивті білім берудің мазмұны»
2017 жылдың 29 қараша күні КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында» инклюзивті білім беруді жүзеге асыруды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау көрсету мақсатында «Айсұлу бөбекжайында инклюзивті білім берудің мазмұны» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Бұл семинар-практикумға «Қалалық білім бөлімі» ММ, магнитті балабақшалардың басшылары, логопедтері, психологтар мен үйлестірушілері қатысты.
«Тұңғыш Президент»
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай 2017 жылдың 29 қараша күні КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік өте жоғары деңгейде, тақырыпқа сай, мазмұнды мағыналы өтті. Президент жайында слайдттар жасалып, видеолар ұйымдастырылды. Балалар белсене қатысып, елбасымыз жайында тақпақтарын, өлеңдер мен билерін ұсынды. Президенттің елге сіңірген еңбегі, сындарлы саясаты жайында көптеген мағлұматтар алды және Қазақстанның Тұңғыш президенті туралы бейне роликтер көрсетілді.
«Алтын күз»
КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында 2017 жылдың 24 қазан мен 26 қазан аралығында бірінші, екінші кіші топтарда, ортаңғы және ересек топтар арасында «Алтын күз» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті.
«Үздік отбасы»
КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында
«Үздік отбасы» сайысы өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет отбасыдан басталады, сол себепті де біздің қоғамдағы жанұялық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор екендігін бірнеше рет айтқан болатын. Елбасымыздың қоғамдағы жанұялық құндылықтарды нығайту жолында 2017 жылдың 17 қазанында Нұр Отан партиясының келісілген жоспарына сәйкес «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында «Үздік отбасы» сайысы өтті.
«Рухани келісім күні» аясында өткізілген іс-шаралар есебі
Қазақстанда Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылдан бастап атап өтуде. 1992 жылы 18 қазанда Алматыда Әлемдік Рухани Келісім конгрессінің бірінші сессиясы болып өтті. Сол уақыттан бастап 18 қазан - Рухани Келісім Күні деп жарияланды, бұл күнді шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий күні, татулықты іздеу, адамдар арасындағы өзара түсіністік қалыптастыру күні, қайырымдылық пен жақыныңа көмек күні деп таныды.
«Тіл - татулық дәнекері»
Тіл - татулық дәнекері, тіл- достықтың алтын көпірі - дейді дана халқымыз.