ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Мақсат пен міндеттері

 2023 - 2024 оқу жылына арналған жылдық міндеттер:

 

1. Ойын әрекеті арқылы балалардың әлеуметтік және коммуникациялық дағдыларын дамыту.

Балалардың еркін және тәуелсіз, мақсатты және өз - өзіне сенімді, көпшіл, құрдастар мен ересектерге көбірек ілтипатты және қамқор болуға; өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа қабілетті болуға жағдай жасау.

 

2. Ойын әрекеттері, қолайлы жағдай жасау арқылы оқу - тәрбие процесінің барлық қатысушылары тарапынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге қолдау көрсету.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілердің ішкі мүмкіндіктерін ашу мүмкіндіктерін кеңейтетін психологиялық - педагогикалық жағдайлар жасау.

 

3. Ұлттық және аймақтық компонентті қоса отырып, адамгершілік - патриоттық тәрбие беру бойынша балалармен жұмыс жасауда педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру.

Педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, тұлғалық және кәсіби өзін - өзі жүзеге асыруға жағдай жасау.

Балалардың жағымсыз әсерлерге төзімділігін арттыратын адамгершілік негіздерін қалау, баланың жан дүниесіне туған - туыстары мен достарының, туған жерінің тарихына деген сүйіспеншіліктің дәнін себу және тәрбиелеу.


2020 - 2021 оқу жылының жылдық міндеттері

 

1. Білім беру мазмұнын жаңарту идеяларын жүзеге асырудың тиімді процесін қалыптастыру.

 

2. Кешенді коррекциялық дамытушы білім беру кеңістігін жетілдіру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасын арттыру.

 

3. "Рухани жаңғыру" және «Тәрбие және білім» бағдарламасын іске асыру аясында мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды, рухани, адамгершілік және физикалық дамуына жағдай жасау.