ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
РЕФЕРЕНДИУМ

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында жариялап, оның мақсаты саяси жүйені кешенді түрде жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының одан арғы үдерісіне оң ықпал ету екенін атап өтті.

Алда 15 наурызда өтетін референдумда қазақстандықтар жаңа конституцияға қатысты өз таңдауын жасайды. Бұл-жай ғана дауыс беру емес, елдің болашағын айқындайтын маңызды шешім болмақ. Егер жоба қолдау тапса, Ата заңңың басым бөлігі жаңарып, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас жаңаша сипат алады.
Құрметті Әріптестер!

Еліміз маңызды әрі жауапты қоғамдық саяси кезеңге қадам басқалы отыр. 15 наурызда елімізде тарихи маңызы зор республикалық референдум өтеді. Осындай жауапты сәтте халықтың референдумға қатысу белсенділігі айрықша маңызға ие.

Бұл күні біз Жаңа Конституция жобасына қатысты өз таңдауымызды жасаймыз. Жаңа Конституция ел дамуының жаңа белесі. Алдағы конституциялық референдум – тұтас мемлекеттің даму көкжиегін кеңейтіп, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды шара.

Осыған орай Сіздерді 15 наурыз өтетін республикалық референдиумға қатысуға шақырамын.