ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Ойын арқылы оқыту» - біздің тәжірибеміз

Балаларды ойын арқылы дамыту

Ойын дегеніміз, балалардың ақыл - ойы, жеке қасиеттері дамиды. Ойын арқылы балалардың қызығушылығы артып, үлкендердің еңбегін құрметтеуді үйренеді. Ойындар баланың есте сақтау қабілетін, көрнекі зейінін, логикалық ойлауын, визуалды - бейнелі ойлауын дамытады. Театрландырылған ойындар баланың ерікті қиялына мүмкіндік береді, сөздік қорын кеңейту арқылы белсенді сөйлеуді ынталандырады, артикуляциялық аппаратты жетілдіреді, әртүрлі эмоцияларды білдіруге үйретіп, қиялын дамытады. Баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық - кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік - эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану. Осылайша, ойын баланың дамуының негізгі элементі болып, бұл балалардың танымдық, физикалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы, сондай - ақ олардың қиялы мен шығармашылық қабілеттері үшін өте маңызды құрал болып табылады.