ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Біз туралы

Біз туралы

Ақпараттық анықтама

Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Айсұлу» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
құрылған жылы: 1960 ж.
Заңды мекен-жайы: 
100600 Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Қазыбек би ауданы, Пугачев көшесі -16. 
Электрондық мекен-жайы
: ido_aisulu @mail.ru
Код. телефон 8(7102) 762-734
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі: 01.10.2015 ж. № 231-1930-26-ГП 

Техникалық төлқұжаты: 18.10.2007ж №09-109-004-795

Жобалық күші - 100 бала 
Жалпы аумағы: аумағы -552,3 ш.м,  ғимараты (бөлмелері) - 1178,3 ш.м.
2009 ж. желтоқсан айында КМҚК «№8 Балабақша» атауынан Инклюзивті мектепке дейінгі ұйым мәртебесіне ие болды (18.11.2009ж  №657 Ө бұйрық)
жұмыс уақыты: 07.00 дан бастап 19.00 дейін.
Директоры: Ахметжанова Лазат Айткуловна, туылған жылы: 1970 ж.
Білімі: орта, Жезқазған педагогикалық училище (1987-1989). Екінші жоғары, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті – 2010-2013ж, мамандығы: «Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру». 
Педагогикалық еңбек өтілі: 31 жыл, инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда директор лауазымында – 1 жыл.

Әдіскер: Ибраева Макпал Болатхановна 
Педагогикалық еңбек өтілі: 6 жыл, инклюзивті мектепке дейінгі ұйым әдіскері лауазымында – 1 жыл.
Білімі: орта, Жезқазған гуманитарлық колледжі – 2016 жыл, мамандығы: «Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру».

Тамақтану тәртібі:                                                                       
4-уақыттық тамақтану: таңғы ас (жемістер), түскі ас және бесін ас. Ас мәзірі Сан Пин бекітілілген және ұсынылған. Тамақ құрамына баланың дамуына септігін тигізетін барлық қажетті құнарлы заттар мен элементтер енгізілген. Тамақ балабақша асханасында әзірленеді, азық-түліктер күнделікті жеткізіліп тұрады. Жеткізілген азық-түліктердің сапасына бақылау жүргізіліп отырады.

 Банктік деректемелері: 
«Казкоммерцбанк» АҚ
Ағымдағы шоты - KZ899261201171013000        
БИН 990140003399
БИК KZKOKZKX

Тәрбиелеу тілі: қазақша, орысша.

 

Балалардың контингенті туралы мәліметтер.

Балалар саны: 100, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететіндер (ЕБҚ)-11 бала:
ЖТД  (жалпы тілі дамымаған)-  5 бала;
Психикалық дамуы тежелген ПДТ - 3 бала.

ДЦП – 2 

КИ - 1                

Жалпы топтар саны :  4 топ.
оның ішінде қазақ тілінде оқытылып, тәрбиеленетін 3 топ (70 бала);  орыс тілінде оқытылып, тәрбиеленетін: 1топ  (25 бала).
 

2020-2021 оқу жылындағы кадрлық қамтамасыз етілуі.

Кадрлық қамтамасыз етілуі: педагогикалық кадрларды жинақтау Қалалық білім беру бөлімінің кезектілігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі негізінде жүзеге асырылады.  
Мектепке дейінгі ұйымда 36 адам қызмет етеді, оның 17 педагогтар, сонымен қатар, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, қазақ және орыс тілі мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, педагог-психолог, логопедтер, дефектолог, хореограф, бейнелеу өнері мұғалімі.
10 педагогта  жоғары білімі бар, орта арнайы білімі  - 7.
2-  педагог – жоғары санатты, 4- педагог - бірінші, 6 педагог – екініші санатты. Кадрлық құрам кестесі:


Пед.
қызметкерлер

директор

әдіскер

тәрбие-шілер

маман-дар

білімі

Біліктілік санаты

 

 

 

 

 

жоғары

%

Орта арнайы

%

Жоға-ры

%

бірінші

%

екінші

%

Санаты жоқ

%

17

1

1

7

10

10

59%

7

41%

2

11,8%

4

23,5%

6

35,2%

5

29,5%

 

Кадрлық – педагогикалық құрам  17 педагог, оның ішінде 7 тәрбиеші, мамандар 10 педагог - психолог-1, логопед-2, дефектолог-1, музыка жетекшісі -1, дене шынықтыру нұсқаушысы -1, қазақ тілі мұғалімі -1, ағылшын тілі мұғалімі -1, бейнелеу өнері мұғалімі -1, хореограф -1. 

Білімі:
Жоғары білімі бар – 10 (59 %); 
Оның ішінде мектепке дейінгі білімі бар – 4 (23,5%);
Орта арнайы педагогикалық білімі бар -5 (35,2%), оның ішінде орта арнайы мектепке дейінгі білімі бар  - арнайы – 5 (29,5%).
Санаттар:
Жоғары санатты - 2 (11,8%);
Бірінші санатты  – 4 (23,5 %);
Екінші санатты - 6 (35,2 %);
Санаты жоқ - 5 (29,5%).

Сапалық көрсеткіш: (жоғары және бірінші санаты бар педагогтар): 
6 педагог – 35,3%. (Директор Ахметжанова Л.А.,  Утебаева А.Б.-тәрбиеші, Бекпаева Ж.Б.-логопед, Жаинбаева Н.А - тәрбиеші, Бексултанова А.Д – педагог-психолог,  Чемыхин А.С – дене шынықтыру нұсқаушысы).

Жұмысқа қабылданатын барлық педагогтар мен мамандар лауазымдық нұсқаулықтармен танысып, еңбек келісім-шарттары жасалады.
Директор қызметтің негізгі түрі бойынша, білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша және балабақша жұмысын регламенттейтін бұйрықтар шығарады.

Бөбекжайда көрсетілетін қызметтер: 
Медициналық

  • Бөбекжайда медбике бар, оның міндеттеріне жатады: алдын-алу жұмыстары, тереңдетілген медициналық тексеріс; антропометриялық өлшеулер жүргізу, балалардың физикалық дамуы, эпидемияға қарсы жұмыстар; МДҰ инфекцияның енуіне жол бермеу, суық тию және тұмау кезінде алдын-алу шараларын жүргізу.
  • санитарлық-гигиеналық жұмыс; санитарлық жағдайды бақылау, МДҰ ғимаратының санитарлық жағдайын қадағалау; топтарды, ас әзірлеу блогын, кір жуу бөлмесін таңу материалдарымен, дәрі-дәрмектермен  толықтырып отыру; қызметкерлердің санитарлық талаптарды және жеке гигиенаның сақтауын қадағалау; ас әзірлеу блогында тамақ әзірлеу нормаларының және технологиясының сақталуы, әзірленген астың сапасын бақылау; қызметкерлердің уақытылы медициналық тексерістен өтуін қадағалау.
  • Сауықтыру жұмыстары. МДҰ дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүзеге асырылуын қадағалау; балалардың тамақтануын ұйымдастыру, су ішу режимін ұйымдастыру, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқаулығын сақтау, сауықтыру шараларын жүргізу.

Психологиялық қызмет

Педагог-психолог келесі бағыттар бойынша қызмет атқарады:
Жеке және топтық психологиялық диагностика. Мектепке психологиялық дайындық деңгейін анықтау, бұзушылықтардың себептерін зерттеу; педагогтар мен ата-аалардың сұраныстары бойынша баланың зияткерлік дамуын анықтау, балалардың топтарда қатынас мінезін бақылау.
Психологиялық алдын-алу шаралары. Тәрбиеленушілердің бейімделмеу жағдайлардың алдын-алу. Педагогикалық қызметкерлерге және ата-аналарға тәрбиелеу, білім беру және дамыту бойынша  ұсыныстарды өңдеу.
Психологиялық түзету. Арнайы дамытушы түзету шаралары; түрлі терапия әдістерін қолданумен ҰОҚ және ойындарды ұйымдастыру (арттерапия, ойынтерапия , психодрама, ертегітерапия, психогимнастика).
Психологиялық шаралар. Педагогтар мен ата-аналарға арналған тренингтер («Өз балаңды қалай сүю керек!», «Мектепке психологиялық дайындықты қалыптастырамыз» және т.б.), тәрбиеленушілердің психологиялық даму мәселелері және педагогикалық қатынасты оңтайландыру сұрақтары бойынша педагогикалық қызметкерлерге арналған семинар-практикумдар («Балалардың психологиялық ерекшеліктері», «Танымдық белсенділігін дамыту»); тәрбиеленушілердің психологиялық даму сұрақтары бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған топтық және стендтік кеңес беру («Мектепке дайындығы», «Балалар неге қара түсті қарындашпен сурет салады» және т.б.).
Кеңес беру қызметі. Педагогтардың кәсіби қызметі мәселелері, бала мен ата-ана қатынас мәселелері бойынша, білім үдерісіне қатысы бар барлық адамға балалардың жеке даму мәселесі бойынша көмек көрсету.

Музыкалық дамуы
Балалардың музыкалық дамуы үшін құралдар бар: ойын және оқу материалдары: пианино, музыкалық орталық, балаларға арналған дыбыстық музыкалық аспаптар (сылдырмақ, даңғыра, барабан, металлофон, қоңырау), ойын және би жаттығуларына арналған атрибуттар (аудиокассета жиынтығы, дисктер); дидактикалық ойындар картотекасы:

Балабақша ғимаратында пәндік-дамытушылық орта мыналарды есепке ала отырып ұйымдастырылған:  
•   жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламасын;
•   нормативті құжаттардың талаптарын;
•   қызметтің басым бағыттарын;
•   балалардың даму деңгейі, олардың қызығушылығын;
•  жалпы құрылу принципін.
Дамытушы ортаны құру моделі өзіне 3 компонентті енгізеді: 
•   пәндік мазмұн (ойындар, ойын материалдары, оқу-ойын құралдары)
•   кеңстікті ұйымдастыру (бұрыштар, орталықтар)
•   уақыттағы өзгерістер (оқу құралын жаңарту, жаңа материалдарды алу, кеңістікті ұйымдастырудағы өзгерістер)

 Физикалық дамуы.

Балаларды физикалық дамытуға арналған құрал-жабдықтар бар: құрсау, резиналы доптар, футболға арналған доптар, сипап-сылау доптары, эспандерлер, түрлі –түсті шеңберлер, денсаулық төсеніштері; гимнастикалық орындықтар, арқан, өрмелеуге арналған туннель, шеңбердегі ленталар, жіптер, баулар, секіргіштер, конус-бағдарлар, гимнастикаға арналған таяқшалар; қысқа баулар, ойлы-қырлы төсеніштер, өрмелеуге арналған доғалар, лақтыруға арналған нысана, текшелер, кегли, ағаштан жасалған аттар, резеңкелі төсеніштер, толтырылған доптар, үрмелі доптар, құм салынған қаптар, жиналмалы үйшіктер, доптарға арналған манеж.

Әдістемелік
Балабақшаның әдіскері жүзеге асырады:

  • Тәрбиешілер мен педагог-мамандардың тәрбие-білім беру қызметін әдістемелік басқару, «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • ұйымның білім беру ортасын жобалауда педагогикалық қызметкерлерге, тәрбиешілер қызметін үйлестіру;
  • білім және тәрбие беру жағдайын сараптау және бақылау негізінде жұмыстың сапасын жоғарылату бойынша шаралар қабылдау;
  • білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына әдеби-әдістемелік және ғылыми көмек көрсету;
  • Балабақша, отбасы және әлеумет жұмысындағы байланыс және серіктестік;
  • әдістемелік кабинетті жабдықтау (кітапхананы жаңа әдістемелік әдебиеттермен, ғылыми – әдістемелік басылымдармен, дамыту материалдарымен  толықтыру);
  • білім үдерісіне барлық қатысушылармен көме-конкурсын, көрме ұйымдастыру;
  • топтарда жоспарлау қызметін, педагогтардың өз білімін жетілдіру бойынша және ата-аналармен серіктестік қызметін сараптау және түзету;
  • балабақшаның педагогикалық қызметін насихаттау.

Жұмыс бағыттары

«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын меңгеру бойынша психологиялық-педагогикалық жұмысының мазмұны мектеп жасына дейінгі баланың жеке және жастық ерекшеліктерін есепке ала отырып жан-жақты дамуына негізделген:

  • Физикалық;
  • Әлеуметтік - жеке;
  • Танымдық - тілдік;
  • Көрнекі-эстетикалық. 
    Тәрбиеленушілерді қабылдауға талаптар:

Балаларды түзету мекемесіне қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және медициналық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.


Ата-аналармен жұмыс
 
Педагогтар ата-аналармен жұмыс атқару барысында қолданатын жұмыс түрлері:

  • Ата-аналар жиналысы
  • Ашық есік күндері
  • Тренинг
  • Дөңгелек үстел
  • Экскурсия, көрмені бірге өткізу.
  • Мерекелерді бірлесе өткізу (денсаулық күні, дене шынықтыру мерекелері)
  • Кеңес берулер, әңгіме жүргізу, ұсыныстар
  • Көрнекі насихат
  • «Шаңырақ» отбасы клубы
  • Анықтау мақсатында ата-аналар арасында сауалнама алу