Орта - үшінші педагог
Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық - дамытушы ортаны тәрбие мен білім беру мақсатында қолданамыз. Мектепке дейіні педагогтардың басты міндеттерінің бірі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру процесін дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жалпы білім беру ортасын байыту - қоршаған ортаны жаңа жағдайлармен, ынталандырулармен және дамытушылық әсерлермен толтырылған. Орта - белсенділікті дамытатын әртүрлі материалдармен, оқу ойындарымен, дидактикалық материалдармен, шығармашылық шеберханасымен толтырдық. Олардың әрқайсысы баланың әлеуметтік, эмоционалдық және интеллектуалды дамуына мүмкіндік береді. Балабақшамызда заттық - дамытушы ортаны құруда баланың жақын даму аймағы,жас және жеке ерекшеліктері,қажеттіліктері ескерілген. Ортаның қанықтылығы және қолжетімділігі балалардың дербестігінің, белсенділігінің және педагогтардың шығармашылығының артуына маңызы зор. Жас ерекшеліктеріне сай әр топта түрлі бұрыштар және орталықтар жабдықталған. Барлық топтарда «Денсаулық бұрыштары», «Тыныштық бұрыштары» бар, онда тәрбиешінің бақылауында балалар өз бетімен ойнайды. Осы ортаның бала балабақшаға келген әр баланың жалықпай, уақытты қызықты өткізуі үшін ұйымдастырылды. Әр баланың жеке тұлға болып қалыптасуына барлық жағдайлар жасалды. Балабақша топтарын безендіруде педагогтар мен ата - аналардың үлесі зор.
https://inkluziv-detsad8.kz/zdik-mektepke-dejingi-jym/orta-shinshi-pedagog.html#sigFreeId930f5774ce