ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Ата - аналармен жұмыс жүргізудегі үздік тәжірибе

Ата - аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе.

Балабақшамыздың басты міндеттерінің бірі ата - анамен үнемі қарым - қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту.

Ата - аналарды тәрбиелеу мен оқыту процесіне тарту үшін мына бағыттарды ұстанамыз:

1. Ата - аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру

2. Ата - аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.

Ата - аналармен жұмыста ата - аналар жиналыстарының жаңа форматтары өткізу. Олар тренингтер,семинарлар, ата - аналар қатысуымен педагогикалық кеңес, ата - аналармен конференция өткізілді. Тәрбиешілер мен ата - аналар арасында қарым - қатынас орнатылды.

Ата - аналармен ынтымақтастық, сабақтастық жұмыстары оқыту мен тәрбиелеу процесінде өткізілді. «Әр бала бір жұлдыз», «Ата - анамен балабақша арасындағы ынтымастық», қорытынды жиналыс «Отбасы тәрбиесінің басты ұясы» тақырыбында дөңгелек үстелдермен өткізілді.