КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында
жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ағымды жылдың 6 ақпан күні КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында іске қосылған "Жезқазған қаласының мектепке дейінгі білім мекемелеріне балаларды қабылдау" веб-сайты жайында ата-аналарға арналған ақпарат беру мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Бұл жиналыста веб-сайттың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметін автоматтандыру және жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында жасалғаны жайында айтылып, оның мектепке дейінгі жастағы балалары бар ата-аналарға да тигізер тиімділігі де жайлы сөз қозғалды.
Ата-аналарға сайттың мекен-жайы берілді.
Аталған сайт арқылы ата-аналар өздігінен:
- балаларын балабақшаларға кезекке қою;
- балабақша таңдау;
- балабақшаға жолдама алу қызметтерін ала алатыны туралы ақпарат берілді.
Жиналыста ата-аналар осы іске қосылған автоматтандыру қызметінің өздеріне тиімді екенін мойындап, Жезқазған қаласының мектепке дейінгі білім мекемелеріне балаларды қабылдау" веб-сайтымен қалай қызмет атқаратынын түсініп алуға тырысты.
Осы жиналыс барысында балаларды мектепке қабылдау тәртібіне енгізілген өзгерістеріне байланысты, биыл мектепке дейінгі ұйымнан түлеп шығатын бүлдіршіндерді анықтау мақсатында ата-аналармен талқылау жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ, балабақшада ата-аналар жарнасын жинауға тыйым салынғаны туралы ата-аналардың есіне салды. Ата-аналар тәрбиешілер ақша жинамайтынын айтты.
Жезқазған қаласының әкімдігінің 2017 жылдың 29 желтоқсанындағы №34/30 «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы» Қаулысы негізінде КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының жұмыс күн тәртібінің таңғы 07.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс атқаратынын айтты.
Жиналыс соңында КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының дәрігері Байкенова Ж.А. ата-аналарға қазіргі шығып жатқан вирустық гепатит туралы ақпарат берді. Бұл вирустық гепатитімен ең әуелі, мектепке дейін жастағы балалар ауырады. Вирустық гепатиттің ең көп тараған жұқпалы аурудың бірі екенін айтып, ол аурудан сақтану жолдарын түсіндірді. Тазалық гигиенасын сақтау маңыздылығын айтты.