ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Жезқазған қаласының білім бөлімі Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметін автоматтандыру және жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында "Жезқазған қаласының мектепке дейінгі білім мекемелеріне балаларды қабылдау" веб-сайты іске қосылғандығын хабарлайды.

Сайт мекен-жайы: http://garden.jezkazgan.gov.kz.

 

 

Аталған сайт арқылы ата-аналар өздігінен:

- балаларын балабақшаларға кезекке қою;

- балабақша таңдау,

- балабақшаға жолдама алу қызметтерін алады.

 

Ендігі кезекте балабақшалар мен мектеп жанындағы шағын орталықтарға жолдама беруде Жезқазған қаласының білім бөлімі мамандары және балабақша басшылары қатыспайды.

Жоғарыда аталған жоба бойынша толық ақпаратты http://garden.jezkazgan.gov.kz. веб-сайтындағы онлайн-чат қызметіне жазу арқылы немесе Жезқазған қаласының білім бөлімінен алуларыңызға болады.

 

«Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ