Тәуелсіздік күні қарсаңында КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өтті.
Топ тәрбиешілері «Тәуелсіздік - желтоқсанның жемісі» тақырыбында тақырыптық сабақтар өткізді.
Балабақша педагогтары «Тәуелсіз елім-мақтанышым» атты көрме ұйымдастырып, көрмеге өз қолдарынан жасаған заттарын ұсынды.
Осы айтулы мерекеге байланысты ортаңғы «Балапан» тобында 2017 жылдың 15 желтоқсан күні «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке балдырғандар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Үш тілде тақпақтарын айтып, ән салды, қазақтың ұлттық билерін биледі, Қайрат Рысқұлбековтың өлеңдерін оқыды. Іс-шара мақсаты патриоттықты, Отанға деген сүйіспеншілікті, балалардың қоғамның мәдени және шығармашылық өміріне қатысуға ұмтылысын тәрбиелеу. Іс-шара ойдағыдай өтті.