ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Айсұлу бөбекжайында инклюзивті білім берудің мазмұны»

2017 жылдың 29 қараша күні КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында» инклюзивті білім беруді жүзеге асыруды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау көрсету мақсатында «Айсұлу бөбекжайында инклюзивті білім берудің мазмұны» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Бұл семинар-практикумға «Қалалық білім бөлімі» ММ, магнитті  балабақшалардың басшылары, логопедтері, психологтар мен үйлестірушілері қатысты.


Семинар – практикумның шымылдығын КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайының директоры Исина Амангуль Тамабаевна ашты. Келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, өткізгелі тұрған іс-шараның маңыздылығы жайлы айтып өтті.


Қалалық білім бөлімінің әдіскері Куанышбекова Ш.А.  семинар-практикумның мақсатын айқындау мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім берудің мазмұны» тақырыбындағы презентациясын ұсынды.  «Айсұлу» бөбекжайының үйлестірушісі Бекпаева Ж.Б.  ерекше білімді қажет ететін балаларды түзете – дамытуды қамтамасыз ететін «Лекотека» тақырыбында презентациясын көрсетті.  Бұл презентация ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеу барысында Лекотека  құрал-жабдықтарын дұрыс пайдалану жайында сөз қозғады. Семинар-практикум барысында «Айсұлу» бөбекжайының түзете – дамытуға жататын «Қызғалдақ» және «Балапан» топтарының  ерекше білімді қажет ететін балаларымен жұмыс атқаратын барлық педагогтар мен мамандар ашық сабақтарын көрсетті.  Бұл ерекше балалар келген қонақтарға «Қасқыр және жеті лақ» ертегісін сахналады.  «Игрогород» жобасы бойынша «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Монтессори мұғалімі Утебаева А.Б. «Сандар мен чипстар» жеке сабағын, « Математика. Сенсорлық сезіну» шағын топтық және «Монтессори технологиясының әдістері» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті.


Семинардың соңында магнитті балабақшалардың басшылары өз ойларын ортаға салып, ерекше балалармен жұмыс барысында көрген тиімді әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелерінде қолданатыны жайлы айтты.  Семинар-практикумға келген қонақтар алған әсерлерін қағаз беттеріне түсіру арқылы шағын эссе жазып, жылы лебіздерін білдіріп,  алдағы уақытта қызметтеріне сәттілік тіледі.