«Қош келдің – Наурыз»
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылдың 19 наурыз күні ересектер «Балапан» тобында «Қош келдің – Наурыз» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте балаларға қонаққа Наурзы қыз бен Алдар Көсе келді. Кейіпкерлер балалармен көптеген ұлттық ойындар ойнады. Ұлттық салт-дәстүрлер туралы ата-аналарға сұрақтар қойып, ата-аналардың да білімдерін тексерді. Ертеңгілік өз деңгейінде өтті.
«Отбасында наурыз мейрамын қалай қарсы аласыздар?»
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының «Наурыз» мейрамына арналған іс-шаралар жоспары негізінде 2019 жылдың 18 наурыз күні қазақ тілі мұғалімі Ахметбекова С.К. ересектер «Балапан» тобының тәрбиеленушілерімен «отбасында наурыз мейрамын қалай қарсы аласыздар?» тақырыбында әңгіме өрбітті. Іс-шара барысында балалар Наурыз мерекесінің шығу тарихымен танысып, қана қоймай, отбасы мүшелерінің мейрамға қалай дайындалатынын айтты.
«Айналайын» тобында Наурыз мейрамына арналған іс-шара өтті
2019 жылдың 19 наурыз күні КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының ортаңғы «Айналайын» тобында Наурыз мейрамына арналған іс-шара өтті. Ортаңғы тобының бүлдіршіндері «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертгісін сахналады. Балалар өз рөлдерін өз деңгейінде сомдай білді. Ертегі желісін көрермендерге жеткізе алды.
Наурыз мейрамы қарсаңында бүлдіршідерге ұлттық ойыны - Ханталапай ойынын өткізу іс-шарасын өткізді
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының ортаңғы «Айналайын» тобының тәрбиешісі Ултыкеева А.А. Наурыз мейрамы қарсаңында бүлдіршідерге ұлттық ойыны - Ханталапай ойынын өткізу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында балалар ойын ережесімен, асықтардың түсу түрлерімен танысты. Бүлдіршіндер «Ханталапай» ойынын қызыға, таласа, тартыса ойнады.
«Ана-гүл, ана-жыр, ана өмір шуағы!»
2019 жылдың 05 наурыз күні «Қызғалдақ» ІІ кіші тобында «Ана-гүл, ана-жыр, ана өмір шуағы!» атты ертеңгілік өтті.
«Ақ мама»
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының I кіші «Балдырған» тобында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Ақ мама» атты ертеңгілік өтті.