ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Біздің ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 16 сәуір күні «Қызғалдақ» ІІ кіші тобында «Бауырсақ ертегісімен саяхат» тақырыбында «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» (бірлескен сабақ) бөлімі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.


Балалар оқу қызметін жылулық шеңберден бастады. Сабақ барысында балаларға жұмбақ жасырып, оның шешімі бүгінгі оқу қызметінде өтілетіндігі туралы айтты. Және сол ертегі кейіпкерлері бойынша балалар топтарға бөлінді.. Ұйымдастырылған оқу қызметінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Жас ерекшеліктеріне байланысты берілген тапсырмаларды балалар орындай білді. Қонаққа қоян, қасқыр, аю, түлкі өз тапсырмаларын алып кірді. Сөздік жаттығулар жасап, «Ертегі әлеміндегі тапсырмалар орындады. Қойылған мақсатқа сай оқу қызметінің конспектісін жасай білді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың тәртібі қадағаланды. Тақтамен жұмыс және тәжірибелік жұмыс жасалды. Көрнекіліктер балалардың жас ерекшелігіне жасалып, таңдалды. Оқу қызметінде балалардың қызығушылығын сақтады және ұзақтығы балалардың жас ерекшеліне байланысты өтті.