ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Әдемі көбелектер»

Жылдық жоспарға сәйкес 16 сәуір мен 26 сәуір аралығында № 8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында ашық қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілуде. Алғашқы болып «Балдырған» Ікіші тобының тәрбиешісі Ысқақ М.С бастады.Тәрбиеші М.С.Ысқақ ҰОҚ тақырыбы «Әдемі көбелектер» Мақсаты: балаларға сенсорикалық танымды, логикалық ойлау қабілетін, тез ойлауға қызығушылығын дамыту, тілдік қорын дамыту. Тосын сыйға  Көбелек келді. Жас ерекшеліктеріне сай таңдалған тапсырмаларды балалар орындай білді. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында дәстүрлі емес сурет салу техникасын пайдаланды, балалар тыныс алу жаттығуын да жасады. ҰОҚ соңында балалармен сиқырлы рефлексия жасалды. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың қызығушылығы сақталды және ұзақтығы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес.