«Баламен үйде жеке жұмысты жүргізудің маңызы»
08.11.2019 жылы №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында ата –аналарға арналған логопедтік кеңес өтті. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған халқымыз. Балалардың дұрыс сөйлеуін қадағалап, тәрбиелеуде ата- аналардың ролі өте үлкен. Логопед ата - аналарға отбасындағы үй жұмысын орындауда бағыт бағдар, көмек береді. Ата - ана логопед берген тапсырмаларды күнделікті қайталап отыру қажет.
«Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі»
Бүгін елімізде айтулы күн, яғни «Рухани келісім күні». Бұл айтулы мереке 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші «Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі» өткен күннен бастау алған.
«Әсемпаз болма әрнеге ...»
Үстіміздегі жылдың 17 қазан күні Жезқазған қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес қаламыздағы мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Әсемпаз болма әрнеге ...» атты қалалық Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу байқауы өтті.
«Аяулы алтын күз»
«Айналайын» ерексек тобында «Аяулы алтын күз» атты ертеңгілігі өткізілді. Ертеңгілік өте тартымды да қызықты өтті.
Күзбен кездесуге арналған мерекелік ертеңгілік
11 қазанда біздің балабақшада күзбен кездесуге арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Мақсаты: балалардың күз туралы білімдерін жүйелеу. Балаларды күз мезгілінің образдарына, қоршаған ортаның сұлулығын тануға, музыкалық мәнерлілік құралдарымен көрсетуге баулу. Балаларға қуанышты мерекелік көңіл-күй туғызу.
Тіл мерекесі
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.