ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Баламен үйде жеке жұмысты жүргізудің маңызы»

«Баламен үйде жеке жұмысты жүргізудің маңызы» 

(артикуляциялық жаттығуларды үйде орындау)

08.11.2019 жылы №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында ата –аналарға арналған логопедтік кеңес өтті. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған халқымыз. Балалардың дұрыс сөйлеуін қадағалап, тәрбиелеуде ата- аналардың ролі өте үлкен. Логопед ата - аналарға отбасындағы үй жұмысын орындауда бағыт бағдар, көмек береді. Ата - ана логопед берген тапсырмаларды күнделікті қайталап отыру қажет.

Ең біріншіден баланы қоғамға бейімдеп, білім беру үшін балада:

тері сезімталдығы, тепе –теңдікті сезіну, проприоцептивтік сезіну, есту сезімі, көру сезімі, тактильдік сезімі, дәм сезу, иіс сезу, іс –қимылды жоспарлау, дене қалпын бақылау, зейінің тұрақтандыру, көз – қол координациясын бақылау, өз - өзіне қызымет көрсету, кеңістікті дағдарлау, өзін –өзі реттеу, тәртібін реттеу, сөйлеу тілін дамыту, ең соныңда білім шынына жету керек.

Екі жаста бала 50 сөз, үш жаста 250-700 сөз, төрт жаста 1500-2000, бес - алты жаста 2500-3000 сөз, жеті жаста 3500 сөз білу керек. Сондықтан баланы екі жастан бастап сөйлеу тілін қадағалап, сөйлеу тілі дамымаған жағдайда ата – ана  дабыл қаға бастаған жөн. Логопедтік түзету жұмысының басты мақсаты сөйлем мүшелерінің қимыл қозғалысын дамыту қажет, яғни артикуляциялық аппараттарының қозғалысын дамыту. Бұл жаттығуларды бір неше рет қайталап жасап отыру керек. Ата-аналар баланың артекулярлық аппаратарын жаттықтырып, бала дұрыс дыбыстай алмайтын дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі. Басты дыбыстар тобына арналған жаттығулар жинағы және де ысқырық ызың дыбыстардың  дифференсациялануы, қатаң , ұяң және мұрын жолды үнді дыбыстар (р,л) мектепке дейіңгі кезеңде атқарылуы өте маңызды.

Ата-аналар өз отбасындағы бала мен жеке жұмыс істеу міндеттерін түсініп, белсене қатысты. Отбасы- адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Сондықтан  жеке тұлға ретінде қалыптастыруға отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, мейірімділігі, махаббаты қажет.