ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Инклюзивті білім берудегі ойлау векторы»

2019 жылдың  27 қараша күні КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша  «Инклюзивті білім берудегі ойлау векторы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға  магнитті бөбекжайлардың педагогтары, логопедтер мен психологтар, тәрбиешілері  жиналды. Семинарда психолог, логопед, дефектолог пен дене шынықтыру нұсқаушысының түзету сабақтары көрсетілді. Логопед Ж.Б.Бакпаева «Баламетрикс» тренажерін келген қонақтарға ұсынды.

Келген барлық қонақтар оларға көрсетілген әдістемелік көмек үшін ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, бүлдіршіндер келген қонақтарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Атамекен» концерттік бағдарламасын ұсынды. Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері Ш.А.Қуанышбекова рефлексия жасады, онда ол педагогтар  мен тәрбиешілердің қажырлы еңбектерін атап өтті, сонымен қатар балабақшаға ынтымақтастық пен шыдамдылық үшін алғыс айтты.

 

 

.