Күзбен кездесуге арналған мерекелік ертеңгілік
11 қазанда біздің балабақшада күзбен кездесуге арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Мақсаты: балалардың күз туралы білімдерін жүйелеу. Балаларды күз мезгілінің образдарына, қоршаған ортаның сұлулығын тануға, музыкалық мәнерлілік құралдарымен көрсетуге баулу. Балаларға қуанышты мерекелік көңіл-күй туғызу.
Тіл мерекесі
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
«Отбасым – менің қуатым»
13 қыркүйек күні «Отбасым – менің қуатым» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. Онда ата-аналар флешмоб биледі.
«Отбасы – бақыт мекені»
12 қыркүйек күні екінші кіші «Балдырған» тобының тәрбиешісі А.Аменова «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында отбасылық шығармашылық фестиваль ұйымдастырды.
«Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін отбасының атқаратын рөлі»
12 қыркүйек күні №8 «Айсұлу» бөбекжайының дефектологы – А.Жакупова «Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін отбасының атқаратын рөлі» тақырыбында семинар өткізді.
«Отбасындағы балалар тәрбиесі»
Ортаңғы «Қызғалдақ» тобында «Отбасындағы балалар тәрбиесі» тақырыбында ата-аналарға кеңес берілді.

















