ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Тіл мерекесі

 Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

КМҚК №8 «Айсұлу» инклюивті бөбекжайында 2019 жылдың 19 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл – тұғырым» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке ересектер «Айналайын» тобының бүлдіршіндері қатысты. Ертеңгілік қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Балалар ертеңгілік барысында Англиядан қонаққа келген Анжеламен түрлі ойындар ойнап, ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар жасырды. 

Бөбекжай басшысы Л.А.Ахметжанова құттықтау сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, барлық педагогтар мен балаларды мерекемен құттықтады.