«Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ
(ұйымның атауы)
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1. Жалпы ереже
- Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген және ұсынымдық сипатқа ие.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші
КМҚК №8»Айсұлу» инклюзивті бөбекжайы болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласына арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:
1) қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары:
1) заңдылық;
2) ашықтық;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдарға арналған ұсынымдарды анықтайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартың негізіне сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу көзқарасы тұрғысынан:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындау;
4) тиісті тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар қарым-қатынас кезінде лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер алынған.