КГКП "ЯСЛИ-САД «АЙСҰЛУ» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА ЖЕЗКАЗГАНА УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ
0
Мероприятия

21 МАУСЫМ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘКЕЛЕР КҮНІ

Бала үшін ата-анасының жақын ешкім жоқ. Бұл адамдар оны туғаннан бастап бірге жүреді, бәріне үйретеді, қолдайды және қорғайды. Сондықтан күнтізбеде Ана күні мен әкесі күні сияқты мерекелер бар. Маусым айының үшінші жексенбісі Халықаралық Әкелер күні атап өтіледі. Әке баланы өмірде ер болуға, қоршаған әлемді тануға, ерлердің іс-әрекеттерін жасауға және ересек өмірге дайындалуға және Отанды қорғауды  үйретеді.  Қыздар үшін әкесі-мақтаныш, ерлік, тірек және үміт.

Халықаралық Әкелер күнін мерекелеу қарсаңында ҚМКК «Айсұлу» бөбекжайнда  әкелерге арналған «Мен және әкем», «Біз әкеммен бірге болғанда «суреттер конкурсы, бейнероликтер, сурет көрмелері өткізілді. Бейне-құттықтаулар арқылы өздерінің махаббатын, тәрбиесіне, сезімталдығы мен қайырымдылығына, махаббаты мен мейірімділігіне, қолдауы мен түсінуіне алғыстарын білдірді.


Адиль әкесі Әмірмен бірге серуендеуде


Байтөре және әкесі Думан

«Шынықсаң шымыр боларсың»

     

 

Ерхан және әкесі Қанат

«Біз аяздан қорықпаймыз»


Мен әкемді жақсы көремін

"Атамекен" әнін бірге шырқаймыз атты патриоттық онлайн акциясы

#АтамекенЖүрегімізде# #ОтанымызҚазақстан# #Ескендірағаәндері#



Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК «Айсұлу» бөбекжайында 5 мамыр күні ересек «Қызғалдақ» тобында Ұлы Жеңіске 76 жыл толуына орай «Желбіре, жеңіс жалауы» тақырыбында ертеңгілік өтті. Мерекелік ертеңгілік жоғарғы деңгейде өтті. Балалар көрініс қойып, ән айтты, би биледі. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін.


18 наурыз күні І кіші «Балдырған» тобында «Наурыз мейрамы» атты іс-шара өтті. .

Мақсаты:Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру