КГКП"ЯСЛИ-САД «АЙСҰЛУ» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА ЖЕЗКАЗГАНА УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ
0
Оқу сауаттылық апталығының үшінші күні – 20 қаңтар «Әдеби қонақжай С.Я.Маршак қонақта» атты тақырыбымен өз жалғасын тапты

Ересек топ балаларымен «Біз оқимыз – біз білеміз» атты олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада барысында бүлдіршіндер өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсете білді.

Кіші топ бүлдіршіндеріне арналып «Жомарт және сараң» қазақ халық ертегісі көрсетілді. Бұл қуыршақ театрын бүлдіршіндер қызыға тамашалады. Ертегі соңында ертегі желісі бойынша балаларға сұрақтар қойылып, талқыланды.

Осы күні педагогтармен жұмыс ұйымдастырылды. «Кітап бұрышындағы жұмыс түрлері» атты семинар/ZOOM конференциясы өткізілді.

Ата-аналармен «Қазақстан – менің Елім» ертегісін ойлап табу іс-шарасы ұйымдастырылды. Келген ата-аналар осы тақырыпты өрбіте отырып, ойдан шағын ғана ертегілер шығарды. Педагогтар ата-аналарға оқылған кітаптары бойынша бірнеше сұрақтар қойып, сауалнама жүргізіді.