Оқу сауаттылық апталығының екінші күні – 19 қаңтар «Ыбырай Алтынсарин – «Кел балалар оқылық!» атты тақырыбымен өз жалғасын тапты. Алпамыс батыр таңертең балаларды қарсы алып, оларға кітаптар туралы жұмбақтар қойды.
«Қызғалдақ» ересектер тобының тәрбиешісі Жаинбаева Н.А. балаларға «Өрмекші, құмырсқа және қарлығыш» ертегісін оқып, оны талдап, оқыған ертегіге сәйкес сурет салды, аппликация жасады.
https://inkluziv-detsad8.kz/ru/novosti/464-o-u-sauattyly-aptaly-yny-ekinshi-k-ni-19-a-tar-ybyraj-altynsarin-kel-balalar-o-yly-atty-ta-yrybymen-z-zhal-asyn-tapty-2.html#sigFreeIdfa88230220
«Айналайын» ересектер тобының тәрбиешісі Утебаева А.Б. «Кітап қайдан келді?» атты тақырыптық сабақ өткізді. Бүлдіршіндер кітап туралы көптеген мағлұматтар алды.
https://inkluziv-detsad8.kz/ru/novosti/464-o-u-sauattyly-aptaly-yny-ekinshi-k-ni-19-a-tar-ybyraj-altynsarin-kel-balalar-o-yly-atty-ta-yrybymen-z-zhal-asyn-tapty-2.html#sigFreeId8fd51928c1
«Балдырған» кіші тобының тәрбиешісі Зикиряева М.А. «Құмырсқа шарасы» ертегісін оқып, оны талдады. Балалармен бірлесіп аппликация жасады.
https://inkluziv-detsad8.kz/ru/novosti/464-o-u-sauattyly-aptaly-yny-ekinshi-k-ni-19-a-tar-ybyraj-altynsarin-kel-balalar-o-yly-atty-ta-yrybymen-z-zhal-asyn-tapty-2.html#sigFreeId68a6174ec2
Осы күні ата-аналармен де жұмыс ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер ата-аналардан қандай кітаптарды оқитындары жайлы сұхбат алды. Балалар журналист пен оператор болып ойнады. «Естелікке кітап сыйла» акциясы өтті.
https://inkluziv-detsad8.kz/ru/novosti/464-o-u-sauattyly-aptaly-yny-ekinshi-k-ni-19-a-tar-ybyraj-altynsarin-kel-balalar-o-yly-atty-ta-yrybymen-z-zhal-asyn-tapty-2.html#sigFreeId9d2914b583
Күннің екінші жартысында «Болашақ кітабы» аппликациясы жасалды.