Биыл – мысты шаһарымыз, Жезқазған қаласы үшін ерекше жыл. Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойы. Осындай айтулы күндер аясында үстіміздегі жылдың 19 сәуір күні Халықтар достығы мен мәдениет үйінде Жезқазған қаласының 65 жылдығына арналған аймақтық «Күміс қоңырау» балалар шығармашылығы конкурсы өткізілді. Конкурсқа аудан, қалалардан мектеп және мектепке дейінгі ұйымдар қатысты.
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының бүлдіршіндері өз көрермендерін де, әділ-қазылар алқасын да өз өнерлерімен тамсандырды. Бүлдіршіндеріміз «Жезқазған - махаббатым менің» қойылым аталымы бойынша жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін І Дәрежелі Диплом иегері атанды. Біз – педагогтар ұжымы өнерге ұмтылған, өнерлерін шыңдап, үлкен сахнада өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шыққан өнерпаз бүлдіршіндерімізді мақтаныш етеміз. Бұл – үлкен мақтаныш, зор жетістік.
https://inkluziv-detsad8.kz/ru/novosti/246-k-mis-o-yrau-2.html#sigFreeIdc703875f2b