КГКП"ЯСЛИ-САД «АЙСҰЛУ» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА ЖЕЗКАЗГАНА УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ
0
«Карлсон үйінде қонақта»

Біздің ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 20 қараша күні «Қызғалдақ» ІІ кіші тобында «Карлсон үйінде қонақта» тақырыбында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бөлімі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Мереке барысында балаларға қонаққа «Карлсон» келді.


Балалар оқу қызметін жылулық шеңберден бастады.  Ұйымдастырылған оқу қызметінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Жас ерекшеліктеріне байланысты берілген тапсырмаларды балалар орындай білді. Логикалық есептер шығарды, берілген тапсырмаларды таласа - тарсыса орындады. Санағыштармен үй құрастырып, Карлсонды орнына орналастыра білді, ерекше қажеттілігі бар балаларға жеке тапсырмалар берілді. Қойылған мақсатқа сай оқу қызметінің конспектісін жасай білді.


Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың тәртібі қадағаланды. Тақтамен жұмыс және тәжірибелік жұмыс жасалды. Көрнекіліктер балалардың жас ерекшелігіне жасалып, таңдалды. Оқу қызметінде балалардың қызығушылығын сақтады және ұзақтығы балалардың жас ерекшеліне байланысты өтті.