Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Теңімен тең» облыстық бейнероликтер байқауына «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайы қатысып, ІІІ дәрежелі орынға иеленді. Конкурстың мақсаты инклюзивті білім беру мұғалімдерін қолдау, озық тәжірибелерді тану, насихаттау және тарату, инклюзивті білім беру идеяларын дәріптеу, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Педагог-психолог Бексултанова Айнұр Даулетқызы балалармен жеке және топтық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізеді. Жеке және топтық ҰОҚ мәселелерін шешуге бағытталған. Осындай жұмыстың нәтижесінде арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар өзін-өзі сенімді сезінеді, қарым-қатынас қуанышын сезінеді, балалардың қатарында тең дәрежеде тең болады.
https://inkluziv-detsad8.kz/novosti-kz/251-te-imen-te.html#sigFreeId1f10787716