ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
« Айсұлу- инклюзивті ғаламшар » тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.

2019 жылдың 21  мамырында Жезқазған қаласындағы КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында « Айсұлу- инклюзивті  ғаламшар » тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.

 

Бұл іс-шараның мақсаты: Инклюзивті кәсіби қауымдастық тәжірбие алмасу"

 

Семинар балабақша әнұранымен ашылды.  Бұл шараға Омар Б.С. Қарағанды облысы білім берудің дамытудың оқу- әдістемелік орталығының әдіскері,  сондай-ақ  Ақтоғай,Осакаровка, Нұра, Шет, Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарының  педагогтары, сонымен қатар  Жезқазған қаласының  білім бөлімі басшысы Ж.Е. Альмаганбетов  және әдіскерлер,  мектепке дейінгі  білім беру  мекемелерінен   18 педагогтер қатысты. Семинардың ашылуын білім бөлімі басшысы  Жеңіс Едігеұлы Альмаганбетов ашып қонақтар мен әріптестерді құттықтап, семинардың жоғарғы дәрежеде өтуіне сәттілік тіледі. Семинар барысында  «Айналайын» тобының тәрбиешісі ұйымдастырылған оқу қызметі «Білім әлеміне саяхат» ( М.Монтессори әдісі бойынша  қарапайым математикалық  ұғымдарды қалыптастыру) көрсетті.  Сондай-ақ педагогтер   жеке және топтық  ҰОҚ  көрсетті.Түзете – дамыту  бағдарламасы аясында  «Дос іздеген-бота» ертегі терапиясын тамашалады. Педагогтер  ұйымдастырылған оқу қызметіне  ерекше білім алуды қажет ететін балалармен   ұйымдастырды. «Әр бала-бір жұлдыз» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Семинар  соңында рефлекциясы жүргізілді, семинарға қатысушылар өткен семинардың мазмұндылығына  өз ризашылықтарын білдіріп, семинардың жоғарғы дәрежеде өткенін айтты. Барлық семинар қатысушыларға Жезқазған білім бөлімінің атынан сертификаттар таратылды.