Біз туралы
Біз туралы
Ақпараттық анықтама
Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Айсұлу» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
құрылған жылы: 1960 ж.
Заңды мекен-жайы: 100600 Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Қазыбек би ауданы, Пугачев көшесі -16.
Электрондық мекен-жайы: ido_aisulu @mail.ru
Код. телефон 8(7102) 762-734
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі: 01.10.2015 ж. № 231-1930-26-ГП
Техникалық төлқұжаты: 18.10.2007ж №09-109-004-795
Жобалық күші - 100 бала
Жалпы аумағы: аумағы -552,3 ш.м, ғимараты (бөлмелері) - 1178,3 ш.м.
2009 ж. желтоқсан айында КМҚК «№8 Балабақша» атауынан Инклюзивті мектепке дейінгі ұйым мәртебесіне ие болды (18.11.2009ж №657 Ө бұйрық)
жұмыс уақыты: 07.00 дан бастап 19.00 дейін.
Директоры: Ахметжанова Лазат Айткуловна, туылған жылы: 1970 ж.
Білімі: орта, Жезқазған педагогикалық училище (1987-1989). Екінші жоғары, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті – 2010-2013ж, мамандығы: «Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру».
Педагогикалық еңбек өтілі: 31 жыл, инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда директор лауазымында – 1 жыл.
Әдіскер: Ибраева Макпал Болатхановна
Педагогикалық еңбек өтілі: 6 жыл, инклюзивті мектепке дейінгі ұйым әдіскері лауазымында – 1 жыл.
Білімі: орта, Жезқазған гуманитарлық колледжі – 2016 жыл, мамандығы: «Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру».
Тамақтану тәртібі:
4-уақыттық тамақтану: таңғы ас (жемістер), түскі ас және бесін ас. Ас мәзірі Сан Пин бекітілілген және ұсынылған. Тамақ құрамына баланың дамуына септігін тигізетін барлық қажетті құнарлы заттар мен элементтер енгізілген. Тамақ балабақша асханасында әзірленеді, азық-түліктер күнделікті жеткізіліп тұрады. Жеткізілген азық-түліктердің сапасына бақылау жүргізіліп отырады.
Банктік деректемелері:
«Казкоммерцбанк» АҚ
Ағымдағы шоты - KZ899261201171013000
БИН 990140003399
БИК KZKOKZKX
Тәрбиелеу тілі: қазақша, орысша.
Балалардың контингенті туралы мәліметтер.
Балалар саны: 100, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететіндер (ЕБҚ)-11 бала:
ЖТД (жалпы тілі дамымаған)- 5 бала;
Психикалық дамуы тежелген ПДТ - 3 бала.
ДЦП – 2
КИ - 1
Жалпы топтар саны : 4 топ.
оның ішінде қазақ тілінде оқытылып, тәрбиеленетін 3 топ (70 бала); орыс тілінде оқытылып, тәрбиеленетін: 1топ (25 бала).
2020-2021 оқу жылындағы кадрлық қамтамасыз етілуі.
Кадрлық қамтамасыз етілуі: педагогикалық кадрларды жинақтау Қалалық білім беру бөлімінің кезектілігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі негізінде жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымда 36 адам қызмет етеді, оның 17 педагогтар, сонымен қатар, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, қазақ және орыс тілі мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі, педагог-психолог, логопедтер, дефектолог, хореограф, бейнелеу өнері мұғалімі.
10 педагогта жоғары білімі бар, орта арнайы білімі - 7.
2- педагог – жоғары санатты, 4- педагог - бірінші, 6 педагог – екініші санатты. Кадрлық құрам кестесі:
|
директор |
әдіскер |
тәрбие-шілер |
маман-дар |
білімі |
Біліктілік санаты |
||||||||||
|
|
|
|
|
жоғары |
% |
Орта арнайы |
% |
Жоға-ры |
% |
бірінші |
% |
екінші |
% |
Санаты жоқ |
% |
17 |
1 |
1 |
7 |
10 |
10 |
59% |
7 |
41% |
2 |
11,8% |
4 |
23,5% |
6 |
35,2% |
5 |
29,5% |
Кадрлық – педагогикалық құрам 17 педагог, оның ішінде 7 тәрбиеші, мамандар 10 педагог - психолог-1, логопед-2, дефектолог-1, музыка жетекшісі -1, дене шынықтыру нұсқаушысы -1, қазақ тілі мұғалімі -1, ағылшын тілі мұғалімі -1, бейнелеу өнері мұғалімі -1, хореограф -1.
Білімі:
Жоғары білімі бар – 10 (59 %);
Оның ішінде мектепке дейінгі білімі бар – 4 (23,5%);
Орта арнайы педагогикалық білімі бар -5 (35,2%), оның ішінде орта арнайы мектепке дейінгі білімі бар - арнайы – 5 (29,5%).
Санаттар:
Жоғары санатты - 2 (11,8%);
Бірінші санатты – 4 (23,5 %);
Екінші санатты - 6 (35,2 %);
Санаты жоқ - 5 (29,5%).
Сапалық көрсеткіш: (жоғары және бірінші санаты бар педагогтар):
6 педагог – 35,3%. (Директор Ахметжанова Л.А., Утебаева А.Б.-тәрбиеші, Бекпаева Ж.Б.-логопед, Жаинбаева Н.А - тәрбиеші, Бексултанова А.Д – педагог-психолог, Чемыхин А.С – дене шынықтыру нұсқаушысы).
Жұмысқа қабылданатын барлық педагогтар мен мамандар лауазымдық нұсқаулықтармен танысып, еңбек келісім-шарттары жасалады.
Директор қызметтің негізгі түрі бойынша, білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша және балабақша жұмысын регламенттейтін бұйрықтар шығарады.
Бөбекжайда көрсетілетін қызметтер:
Медициналық
- Бөбекжайда медбике бар, оның міндеттеріне жатады: алдын-алу жұмыстары, тереңдетілген медициналық тексеріс; антропометриялық өлшеулер жүргізу, балалардың физикалық дамуы, эпидемияға қарсы жұмыстар; МДҰ инфекцияның енуіне жол бермеу, суық тию және тұмау кезінде алдын-алу шараларын жүргізу.
- санитарлық-гигиеналық жұмыс; санитарлық жағдайды бақылау, МДҰ ғимаратының санитарлық жағдайын қадағалау; топтарды, ас әзірлеу блогын, кір жуу бөлмесін таңу материалдарымен, дәрі-дәрмектермен толықтырып отыру; қызметкерлердің санитарлық талаптарды және жеке гигиенаның сақтауын қадағалау; ас әзірлеу блогында тамақ әзірлеу нормаларының және технологиясының сақталуы, әзірленген астың сапасын бақылау; қызметкерлердің уақытылы медициналық тексерістен өтуін қадағалау.
- Сауықтыру жұмыстары. МДҰ дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүзеге асырылуын қадағалау; балалардың тамақтануын ұйымдастыру, су ішу режимін ұйымдастыру, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқаулығын сақтау, сауықтыру шараларын жүргізу.
Психологиялық қызмет
Педагог-психолог келесі бағыттар бойынша қызмет атқарады:
Жеке және топтық психологиялық диагностика. Мектепке психологиялық дайындық деңгейін анықтау, бұзушылықтардың себептерін зерттеу; педагогтар мен ата-аалардың сұраныстары бойынша баланың зияткерлік дамуын анықтау, балалардың топтарда қатынас мінезін бақылау.
Психологиялық алдын-алу шаралары. Тәрбиеленушілердің бейімделмеу жағдайлардың алдын-алу. Педагогикалық қызметкерлерге және ата-аналарға тәрбиелеу, білім беру және дамыту бойынша ұсыныстарды өңдеу.
Психологиялық түзету. Арнайы дамытушы түзету шаралары; түрлі терапия әдістерін қолданумен ҰОҚ және ойындарды ұйымдастыру (арттерапия, ойынтерапия , психодрама, ертегітерапия, психогимнастика).
Психологиялық шаралар. Педагогтар мен ата-аналарға арналған тренингтер («Өз балаңды қалай сүю керек!», «Мектепке психологиялық дайындықты қалыптастырамыз» және т.б.), тәрбиеленушілердің психологиялық даму мәселелері және педагогикалық қатынасты оңтайландыру сұрақтары бойынша педагогикалық қызметкерлерге арналған семинар-практикумдар («Балалардың психологиялық ерекшеліктері», «Танымдық белсенділігін дамыту»); тәрбиеленушілердің психологиялық даму сұрақтары бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған топтық және стендтік кеңес беру («Мектепке дайындығы», «Балалар неге қара түсті қарындашпен сурет салады» және т.б.).
Кеңес беру қызметі. Педагогтардың кәсіби қызметі мәселелері, бала мен ата-ана қатынас мәселелері бойынша, білім үдерісіне қатысы бар барлық адамға балалардың жеке даму мәселесі бойынша көмек көрсету.
Музыкалық дамуы
Балалардың музыкалық дамуы үшін құралдар бар: ойын және оқу материалдары: пианино, музыкалық орталық, балаларға арналған дыбыстық музыкалық аспаптар (сылдырмақ, даңғыра, барабан, металлофон, қоңырау), ойын және би жаттығуларына арналған атрибуттар (аудиокассета жиынтығы, дисктер); дидактикалық ойындар картотекасы:
Балабақша ғимаратында пәндік-дамытушылық орта мыналарды есепке ала отырып ұйымдастырылған:
• жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламасын;
• нормативті құжаттардың талаптарын;
• қызметтің басым бағыттарын;
• балалардың даму деңгейі, олардың қызығушылығын;
• жалпы құрылу принципін.
Дамытушы ортаны құру моделі өзіне 3 компонентті енгізеді:
• пәндік мазмұн (ойындар, ойын материалдары, оқу-ойын құралдары)
• кеңстікті ұйымдастыру (бұрыштар, орталықтар)
• уақыттағы өзгерістер (оқу құралын жаңарту, жаңа материалдарды алу, кеңістікті ұйымдастырудағы өзгерістер)
Физикалық дамуы.
Балаларды физикалық дамытуға арналған құрал-жабдықтар бар: құрсау, резиналы доптар, футболға арналған доптар, сипап-сылау доптары, эспандерлер, түрлі –түсті шеңберлер, денсаулық төсеніштері; гимнастикалық орындықтар, арқан, өрмелеуге арналған туннель, шеңбердегі ленталар, жіптер, баулар, секіргіштер, конус-бағдарлар, гимнастикаға арналған таяқшалар; қысқа баулар, ойлы-қырлы төсеніштер, өрмелеуге арналған доғалар, лақтыруға арналған нысана, текшелер, кегли, ағаштан жасалған аттар, резеңкелі төсеніштер, толтырылған доптар, үрмелі доптар, құм салынған қаптар, жиналмалы үйшіктер, доптарға арналған манеж.
Әдістемелік
Балабақшаның әдіскері жүзеге асырады:
- Тәрбиешілер мен педагог-мамандардың тәрбие-білім беру қызметін әдістемелік басқару, «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
- ұйымның білім беру ортасын жобалауда педагогикалық қызметкерлерге, тәрбиешілер қызметін үйлестіру;
- білім және тәрбие беру жағдайын сараптау және бақылау негізінде жұмыстың сапасын жоғарылату бойынша шаралар қабылдау;
- білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына әдеби-әдістемелік және ғылыми көмек көрсету;
- Балабақша, отбасы және әлеумет жұмысындағы байланыс және серіктестік;
- әдістемелік кабинетті жабдықтау (кітапхананы жаңа әдістемелік әдебиеттермен, ғылыми – әдістемелік басылымдармен, дамыту материалдарымен толықтыру);
- білім үдерісіне барлық қатысушылармен көме-конкурсын, көрме ұйымдастыру;
- топтарда жоспарлау қызметін, педагогтардың өз білімін жетілдіру бойынша және ата-аналармен серіктестік қызметін сараптау және түзету;
- балабақшаның педагогикалық қызметін насихаттау.
Жұмыс бағыттары
«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын меңгеру бойынша психологиялық-педагогикалық жұмысының мазмұны мектеп жасына дейінгі баланың жеке және жастық ерекшеліктерін есепке ала отырып жан-жақты дамуына негізделген:
- Физикалық;
- Әлеуметтік - жеке;
- Танымдық - тілдік;
- Көрнекі-эстетикалық.
Тәрбиеленушілерді қабылдауға талаптар:
Балаларды түзету мекемесіне қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және медициналық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.
Ата-аналармен жұмыс
Педагогтар ата-аналармен жұмыс атқару барысында қолданатын жұмыс түрлері:
- Ата-аналар жиналысы
- Ашық есік күндері
- Тренинг
- Дөңгелек үстел
- Экскурсия, көрмені бірге өткізу.
- Мерекелерді бірлесе өткізу (денсаулық күні, дене шынықтыру мерекелері)
- Кеңес берулер, әңгіме жүргізу, ұсыныстар
- Көрнекі насихат
- «Шаңырақ» отбасы клубы
- Анықтау мақсатында ата-аналар арасында сауалнама алу
Мақалалар
Байланыстар
07:00-ден - 19:00-ге дейін; демалыс күндері: сенбі, жексенбі
Директор: 8 (7102) 76-27-34
Бухгалтерия: 8 (7102) 76-27-34
e-mail: idoaisuluedukz
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК Әнұраны
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.