08.05.2017 күні КМҚК № 8«Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында» «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Отбасы қолдау күні» атты іс-шара өткізілді. Бұл күні балабақшамыздың ауласын тазартып, безендіруге, сыртын тазалауға ата-аналар мен тәрбиешілер бір отбасы болып ат салысты.
Үлкендерге құрмет көрсету, балаларға қамқор, өзара қолдау дәстүрі, еңбексүйгіштікпен дәлелденді. Балабақша жас бүлдіршіндердің екінші үйі, әр уақытта олар өздерін қайда жүрседе бақытты, жылулықты, аялы алақанды сезінуге құқылы. Біз бір отбасаы болып саналамыз, себебі біз болашақ бүлдіршіндерді бірге тәрбиелеп, білім беріп,оларға қамқоршылық жасап әр уақытта үлкен жауапкершілікпен қараймыз.