ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Жеңісім жетістігім» «Ардагерлерді ардақтайық»

9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұлмерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты.

 

«Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ».

 

2017 жылдың 4 мамыр күні КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында»  «Жеңісім жетістігім» және «Ардагерлерді ардақтайық» атты іс-шара өтті.

 

Бұл іс-шараны  «Қызғалдақ» ересек тобы ұйымдастырды. Аталған іс-шараға тыл ардагері Новикова Виктория Ивановна құрметті қонақ ретінде шақырылды.

 

Ұлы Отан соғысы  жеңісінің 72 жылдығын аталып өтті. Бұл мереке біз үшін ерекше, себебі жауынгер батырларымыздың жеңіске жеткен күнін еске аламыз:
Құтты болсын жеңіс күні ағайын,
Көпттен күткен ұлы күнде жар салайын,
Ата-бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата-бабам намыс бермей айқасқан - дей отырып
бүлдіршіндер ән, би шашуларын шашты.

 

Балабақша тәрбиеленушілері соғыс жылдарындағы «Смуглянка» биін билеп, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқап, тақпақтар айтып қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Батырларды еске алуға және құрмет көрсетуге Ұлы Отан соғысында қаза тапқан азаматтарға арнап бір  минуттық үзіліс жарияланды!

 

Іс-шара соңында балалабақша директоры А.Т.Исина құттықтау сөз сөйлеп, тыл ардагері Виктория Ивановна Новиковаға ризашылығын білдірді.