ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында «Жастар Елбасы саясатын қолдайды»-атты семинары

Семинардың басты мақсаты – жолдаудың еліміздің болашағы үшін маңыздылығын және оның мән-мағынасын тек экономикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар барлық салада, оның ішінде адами капитал сапасын да жақсартудағы мәнін ашу.

Біз «Елбасы Жолдауын» толығымен қолдаймыз. Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына Жолдауында бес басымдылықты жүзеге асырылуы еліміздің әлемнің 30 дамыған елдері қатарына қосылуына мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Еліміздің жаһандық дамуында жастар, оның ішінде жоғарғы оқу орындарының қабырғасында оқып жүргендер немесе қызметтегілер, жас кәсіпкерлер өз үлесімізді қосуға әрдайым дайынбыз!», - деді өз сөзінде жастар лигасының төрағасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау барысында жастар өзге де мүшелері өз ойларымен бөлісті.