Бүгін 04.04.2017 жылы КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының «Қызғалдақ» ересек тобында «Кітап –білім бұлағы» атты іс-шара өткізілді. «Қызғалдақ» тобының тәрбиешілері сюжетті-ролді «Кітапхана» ойының жиі өткізеді. Болашақ оқушыларға кітапты оқуды, құрметтеуді, күтіп пайдалануды сюжетті-ролдер арқылы, білімге деген құштарлығын арттырып тәрбие береді.
Кітап рухани-байлығымыз. Кітап- адам баласы ақыл- ойынан туған рухани байлықты сақтап,оны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. «Сондықтан» да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Кітап- білім бұлағы, білім-өмір шырағы». Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым мен білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы дос.