ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Ұлыстың ұлы күні

Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесін атап өтуде балабақша ұжымы да дайындалды. Наурыз мерекесіне орай балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, ділін қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында балабақшамызда мерекеге орай жоспар құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Балабақша ауласы мен дәліздер мерекеге сай безендірілді. Балабақшамызда 2017 жылдың 15 наурызынан бастап тәрбиешілердің ұйымдастыруымен ІІ кіші топ «Айналайын», ортаңғы топ «Балдырған», ортаңғы топ «Балапан» арасында ата-аналар мен ұстаздарға арналған мерекелік іс шаралар өткізілді. Ересек тобында Жаинбаева Насип Ахметқызының ұйымдастыруымен «Әже мен немере» сайысы өткізілді. 14-15 наурыз күндері ІІ кіші топ «Айналайын», ортаңғы топ «Балдырған», тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Сарысу» және « Абай» ауылы болып ата-аналар ұлтымыздың салт дәстүрін көрсетті.

 

17 наурыз «Армысың, әз-Наурыз» мерекелік ортаңғы «Балапан» тобында мерекелік іс-шара өткізілді. Мереке барысында балалар ән салып,би билеп, ата-аналар әр халықтың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетті. Балалардың ұлттық киім киіп, өнер,салт-дәстүрді көрсетуі оларға ұлттық, патриоттық тәрбие беруде маңызы зор болды. Ата-аналар тарапынан мерекні ұйымдастырушы Белова Вера Владимировнаға алғыстарын білдірді.