«Мейірімділік - асыл қасиет » тақырыбында ересек « Қызғалдақ» тобында танымдылық ұйымдастырылған оқу -қызметі өткізіліп, мақсатына жетті. Ұйымдастырылған оқу -қызметін топ тәрбиешісі Жаинбаева Насип Ахметовна өткізді.
Өтілген ұйымдастырылған оқу -қызметі шаттық шеңберімен ашылды. Шаттық шеңбер барысында балалар бір біріне деген тілектерін, мейірімділік анасы С.А Назарбаеваға деген жүрекжарды сөздерін жеткізе білді . Ұйымдастырылған оқу –қызметінің мақсаты: қайырымдылық жайлы түсінік беріп, балалар өздерінің үлкенге көмек, кішіге ізет көрсету, көмектесу, дос болу сияқты адамгершілік қасиеттерді көрсете біліп, өз сөздерімен дәлелдеп айтты.