Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Айсұлу» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – мониторинг объектісі) қызметіне мониторинг аяқталды. Мониторинг акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі Мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Мониторинг нәтижелері бойынша мониторинг объектісін құру, мониторинг объектісі қызметінің жүзеге асырылатын түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту фактілері, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері белгіленбеген.
Естеріңізге сала кетейік, мониторинг жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

















