ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Жана жыл ертеңгілігі

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Бүгін 24 желтоқсан күні Айсұлу бөбекжайы, «Қызғалдақ» тобында «Жарылқа, Жаңа жыл» атты ертеңгілік өтті. Жаңа жылдық ертеңгілік жоғарғы деңгейде болды. Балалар тақпақтар айтып, «Шырша жыры» әнімен шыршаны айналды. Қонаққа жалмауыз кемпір, түлкі, қасқыр келді. Олар балалармен ән айтып, ойын ойнатты. Көп кешіктірмей Аяз атада келді. Жұптармен «И раз, два, три» биін биледі. «Жаңа жылдық оркестр» балалардың әнді тыңдау, есту, сезіну сезімдерін оятты. Мереке соңында балалар финальдық флешмоб биледі. Аяз ата балаларға қоржынынан сыйлықтарын берді. Балаларға ертеңгілік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.