ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Мектеп жасына дейінгі балалардың өлкетану білімін

Мектеп жасына дейінгі балалардың өлкетану білімін меңгеруіне жағдай жасау, рухани-адамгершілік негіздері мен құндылықтарды қалыптастыру, өз Отанының патриотын тәрбиелеу мақсатында «Айсұлу» бөбекжайында 2021 жылдың 11 қазан күні «Тарихи-өлкетану бойынша апталығы ашылды.


 

Апталық Визиттік карталармен өз жалғасын тапты. Барлық жастық топтардың ата-аналары мен тәрбиеленушілері осы апталыққа өз үлестерін қосып, Визиттік карталар жасады.

 

«Бояу сырлары» атты Асфальтта сурет салу байқауы да өтті. Бүлдіршіндер өз шығармашылықтарын алға тартып, әдемі суреттерін асфальт беттеріне салды.