ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
№8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті

2020 жылдың 14-23 желтоқсан аралығында «Тәрбиенің – алтын бесігі» атанған Жезқазған қаласы білім бөлімінің №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

 

Әр-шараның әрбір күні түрлі аталым бойынша жүзеге асырылды. Мерей тойдың алғашқы күні  «Жақсылық күні» деген атауымен басталды. Ол күні мерей тойымыздың шымылдығы ашылды. №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының директоры Ахметжанова Лазат Айткуловна кезекші топ ата-аналарын, бөбекжай ұжымын салтанатты мерей тойымен құттықтады. Топ тәрбиешілері ата-аналармен бірлесіп «Жақсы тілек тілеңіз» атты қабырға газетін жасады. Ата-аналармен бірге «Жақсылық жаса» акциясы өткізілді. Топ тәрбиешілері «Менің сүйікті балабақшам» атты фотоколлаж жасап шығарды. 

Мерей тойдың екінші күні «Спорт күні» аталымымен өз жалғасын тапты. Ол күні «Балапан» тобы таңғы жаттығу жасады. «Қызғалдақ» тобында «Ұлттық спорттық ойындар» өткізілді. Балалар «Асық» ойыны бойынша жарысқа түсті.  «Балдырған» тобында «Дені саудын -жаны сау» атты іс-шара өтті. «Айналайын тобымен «Мерейлі старт» атты спорттық шара өткізілді. Балалар далада түрлі қызықты ойындар ойнап, шаңғы тебу бойынша жарыс өтті.

Үшінші күн «Шығармашылық күні» деп аталынды. Ол күні барлық топтарда «Мерейлі жыл» атты ашық хаттар жасалды. Сурет мұғалімі Э.Ж.Доскенова жас мамандармен «Эбру» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Барлық топтармен «Мерейлі топтар» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның төртінші күні «Ғылым күні» атауымен жалғасын тапты. Бөбекжай педагогтарымен «Педагогикалық идеялар» тақырыбы бойынша көрме ұйымдастырылды. бұл көрмеге педагогтарымыздың қолынан шыққан түрлі дамытушы материалдар қойылды. Бүлдіршіндермен «Өз балабақшаңды білесің бе?» тақырыбында ойын өткізілді. М.Монтессори мұғалімі А.Б.Утебаева М.Монтессори әдісі бойынша бүлдіршіндермен «Вулкан» шығармашылық жұмысын өткізді.

Іс-шараның 5 күні «Бірлік күні» атауымен өтті. Ол күні балабақшадағы қыз балалар «Балабақшадағы ең жақсы шаш үлгісі» атты шараға қатысты, бұл шара бойынша ең керемет шаш үлгісі таңдалды. «Біздің топтар» атты презентациясы жасалды.