ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Тәуелсіздік ел – тілегі»

Жылдық жоспарға байланысты «Айналайын» ересек тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өткізілді.

ҰОҚ –ң тақырыбы: «Тәуелсіздік ел – тілегі»

Мақсаты:Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанын, елін туған жерін, халқын сүюге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана тілінің қадір - қасиетін білуге шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу, елінің тәуелсіздігі үшін құрбан болған аға – апаларының ерлігін дәріптеу.

Міндеттері:

Білімділік: Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту.

Дамытушылық: Сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: Туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Елбасы, Президент, Ту, Елтаңба, Гимн.

Қостілділік : Отан – Родина, Ту-Флаг, Елтаңба-Герб

Көрнекіліктер/Раздаточный материал: Қазақстан Республикасының рәміздері, Нұр-Сұлтан қаласы, Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев суреттері.

 ҰОҚ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, қимыл-қозғалыс, дидактикалық ойындары.