ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» орай КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында мерекелік түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды

Ағымды жылдың 23 қарашадан бастап «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» орай КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында мерекелік түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

23 қараша күні жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ балалардың көркем шығармашылығын дамыту мақсатында «Президент күні» тақырыбында сурет мұғалімі Э.Ж.Доскенова балалармен әңгіме жүргізіп, сурет көрмесін ұйымдастырды.

24 қараша күні «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Г.О.Жанадилова балаларға Тұңғыш  Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту мақсатында «Менің   Тұңғыш Президентім» тақырыбында тақырыптық сабақ өткізді

25 қараша күні дене шынықтыру нұсқаушысы Чемыхин А.С. «Ұлт денсаулығы» тақырыбында спорттық іс-шара өткізді.

26 қараша күні «Біздің Президент – Ұлт көшбасшысы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

27 қараша күні «Балапан» тобының тәрбиешілері  М.Б.Ибраева және В.В. Белова  балаларды патриоттыққа, Елбасына деген мақтаныш сезімдерін  тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» тақырыбында тақырыптық сабақ өткізді.

Мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында балаларға  «Елін сүйген - Елбасы» тақырыбында бейне ролик көрсетілді.