«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
науқанын өткізу туралы Анықтама.
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 2020 жылдың 9 қараша мен 20 қараша күндері аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының іс-шарасы өткізу туралы № 113 бұйрығы шығарылып, жоспар бекітілді.
10 күнге созылған ақпараттық науқанда бірнеше іс-шаралар іске жүзег асырылды.
9.11.2020 жылы әдіскер Ибраева М.Б. ата-аналар қауымына арналған «Зорлық –зомбылықсыз отбасы» тақырыбына сауалнама дайындады.
https://inkluziv-detsad8.kz/novosti-kz/368-atygezdiksiz-zh-ne-zorly-zombyly-syz-balaly-sha.html#sigFreeId775844ee76
«Зорлық –зомбылықтың алдын алу» мақсатында - 9.11.2020-13.11.2020 аралығында педагог-психолог Бексултанова А.Д. ата-аналарға кеңес беру, психологқа қоңырау шалу арқылы сұрақ-жауап науқаны жалғасын тапты.
2020жылдың 13-17 қараша аралығында бейнелеу мұғалімі Доскенова Э.Ж. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты балалар арасында сурет көрмесін ұйымдастырды.
https://inkluziv-detsad8.kz/novosti-kz/368-atygezdiksiz-zh-ne-zorly-zombyly-syz-balaly-sha.html#sigFreeId0543ee71d3
18 қараша 2020ж әдіскер Ибраева М.Б. Ата-аналарға арналған жадынама «Зорлық - зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?»
Сондай-ақ «Зорлық - зомбылықсыз әлем» бейне – ролик ата-аналарға вацап арқылы жүргізілді.
20 қараша «Тең-тенімен» спорттық сайыс ересек «Айналайын» тобында өтңізілді. Бұл сайысты ұйымдастырушы дене нұсқаушысы Чемыхин А.С.
https://inkluziv-detsad8.kz/novosti-kz/368-atygezdiksiz-zh-ne-zorly-zombyly-syz-balaly-sha.html#sigFreeIdaf31f17469
«Біз әлемді өзгертеміз, зорлықсыз әлемді қалай құруға болады» атты қазақ тілі мұғалімі С.К. Ахметбекова және педагог-психолог А.Д. Бексултанова эссе жазды.
https://inkluziv-detsad8.kz/novosti-kz/368-atygezdiksiz-zh-ne-zorly-zombyly-syz-balaly-sha.html#sigFreeId22fd93d0f4
Он күнге созылған науқан 20 қараша күні «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының жабылуы ұйымдастырылды. Ақпараттық науқанға белсене қатысқан мамандар және тәрбиешілер мен тәрбиенушілерге №8» Айсұлу» инклюзивті бөбекжайы директоры Л.А. Ахметжанова алғыс білдірді.
9 қараша мен 20 қараша аралығындағы «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны құрылған жоспарға сәйкес жүргізіліп материалдары жинақталды.
Анықтаманы дайындаған: Ибраева М.Б.-әдіскер