Сараптама
29 қазан күні «Қызғалдақ» 4-5 жас ересектер тобында «Әсем күз әсем айналам, еліне береке сыйлаған!» атты ертеңгілік өтті.
Бала саны:11
Қатысқан балалар саны:9
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Қатысушылар: жүргізушілер, Күз ханшайымы, балалар, «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері
Қорытынды: Біздің ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 29 қазан күні «Қызғалдақ» ересек тобында «Алтын күз әсем айналам, еліне береке сыйлаған» тақырыбында ертеңгілік өтті. Музыка ырғағымен барлық балалар көңілді қимылмен кірді. «Күз келіпті тамаша» атты ән шырқалды. Ертеңгілікке қонаққа «Күз ханшайымы» келіп балалар өз тақпақтарын арнады. Күз ханшасы балаларға ойын ойнатып, жұмбақтар қойды. Ертеңгілікте күзгі оркестр әртүрлі аспаптармен орындап шықты. Және де «Шалқан» ертегісі сахналанды.. Шалқан-Рауан, ата-Санжар, әже-Регина, немересі-Ақбота, ит-Нұрбота, Мысық-Жасмин, тышқан-Ануар рөлдерін сомдап шықты. Басқа балалар ертегіні қызыға көрді.
Ертеңгілікте балалардың тәртібі қадағаланды. Әсемдендірілу балалардың жас ерекшелігіне жасалып, таңдалды. Ертеңгілікте балалардың қызығушылығын сақтады және ұзақтығы балалардың жас ерекшеліне байланысты өтті
Ұсыныстар: Балалардан толық сөйлемен жауап беруді талап ету. Тақпақта, әнде барлық балаларды қамту.
Әдіскер: Ибраева М.Б
Тәрбиешілер: Жаинбаева Н.А
Жанадилова Г.О