ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
29 қазан күні «Қызғалдақ» ересек тобында «Алтын күз әсем айналам, еліне береке сыйлаған» тақырыбында ертеңгілік өтті

Біздің ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 29 қазан күні «Қызғалдақ» ересек тобында «Алтын күз әсем айналам, еліне береке сыйлаған» тақырыбында ертеңгілік өтті. Музыка ырғағымен барлық балалар көңілді қимылмен кірді. «Күз келіпті тамаша» атты ән шырқалды.  Ертеңгілікке қонаққа «Күз ханшайымы» келіп балалар өз тақпақтарын арнады. Күз ханшасы балаларға ойын ойнатып, жұмбақтар қойды. Ертеңгілікте күзгі оркестр әртүрлі аспаптармен орындап шықты. Және де «Шалқан» ертегісі сахналанды.. Шалқан-Рауан, ата-Санжар, әже-Регина, немересі-Ақбота, ит-Нұрбота, Мысық-Жасмин, тышқан-Ануар рөлдерін сомдап шықты. Басқа балалар ертегіні қызыға көрді.

 

Ертеңгілікте балалардың тәртібі қадағаланды. Әсемдендірілу балалардың жас ерекшелігіне жасалып, таңдалды. Ертеңгілікте балалардың қызығушылығын сақтады және ұзақтығы балалардың жас ерекшеліне байланысты өтті.