ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Балабақшаның бір күндік өмірі»

КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында үстіміздегі жылдың 19 ақпан күні ата-аналарға арналған «Балабақшаның бір күндік өмірі»   атты ашық есік күні ұйымдастырылып, өткізілді.

 

Мақсаты:

- ата-аналарды жұмыс күнінде ДББ-да оқу процесінің ұйымдастырылуымен таныстыру;

- ата-аналарға балаларының даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беру;

- балаларды мұғаліммен бірлескен әрекетте бақылайды;

- ата-аналарды балалармен бірлескен іс-шараларға тарту.

- мұғалімдер мен балалардың ата-аналары арасындағы өзара түсіністік, сенім атмосферасын қалыптастыру;

- жалпы білім беру қызметінің тиімділігін арттыру.

 

Таңертеңнен бастап ата аналар ағылып келе бастады, ертемен бала бақшаның күн тәртібін бақылап таңғы, түскі, бесін тамақтың дәмін татып өз пікірлерін ата аналарға арналған кітапшаларға жазып қалдырып жатты. Таңертеңгілік ата-аналарды күтіп алу шарасы балабақша фойесінде алдын - ала түрлі тапсырмалары бар ата - аналарға арналған қабырға газеттерінен басталды. Онда ата-аналарөздерінің таңертеңгілік кезіндегі көңіл-күйлерімен бөлісті. Ата-аналар алдымен таңертеңгі жаттығуларды көріп, содан кейін балабақшаны аралады. Сонымен қатар, ата-аналар барлық тәрбиешілер мен мамандардың ашық оқу қызметтерін тамашалады.

           

Сабақтардан кейін, ата-аналар балалардың «Шегіртке мен құмырсқа» атты сахналық қойылымын және концертін тамашалады. Қорыта келгенде, отбасы мен балабақшаның сабақтастығының арқасында көптеген жұмыстар атқарылып, жақсы деген көрсеткішке жеттік.