ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Әуежайдағы Жаңа жыл»

Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз.

Осындай мерекенің бірі 2019 жылдың 27 желтоқсан күні Айсұлу инклюзивті бөбекжайында "Айналайын" ересектер тобында «Әуежайдағы Жаңа жыл» атты ертеңгілік өтті. Жаңа жылдық ертеңгілік жоғарғы деңгейде болды. Балалар «Айсұлу Трэвел» әуежайында тақпақтар айтып, би билеп, «Келді міне, Жаңа жыл!» әнімен шыршаны айналды. Балаларға ертеңгілік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.