ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Үлкен құлшыныспен сыйлық таңдаймыз, ең сүйікті тағамдарды әзірлеп, жақындарымызды қуантуға асығамыз.

Осындай мерекенің бірі 2019 жылдың 27 желтоқсан күні Айсұлу инклюзивті бөбекжайында кеңес беру пунктінің бүлдіршіндеріне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік өтті. Жаңа жылдық ертеңгілік жоғарғы деңгейде болды. Балалар тақпақтар айтып, «Келді міне, Жаңа жыл!» әнімен шыршаны айналды. Қонаққа жылдың басы Тышқан келді. Ол балалармен ән айтып, ойын ойнатты. Балаларға ертеңгілік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.