ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

2019 жылдың 26 желтоқсан күні Айсұлу инклюзивті бөбекжайында «Қызғалдақ» тобында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік өтті. Жаңа жылдық ертеңгілік жоғарғы деңгейде болды. Балалар тақпақтар айтып, «Келді міне, Жаңа жыл!» әнімен шыршаны айналды. Қонаққа жылдың басы тышқан келді. Ол балалармен ән айтып, ойын ойнатты. Көп кешіктірмей Аяз атада келді. Ақшақардың келуіне зұлым кемпір Шапоклят кедергі жасады, бірақ, балалар оның көңілін көтеріп, Ақшақарымызды қайтарып берді. Балаларға ертеңгілік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.