ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Қазақ ұлттық ойындары»

КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 2019 жылдың 13 желтоқсан күні дене шынықтыру нұсқаушысы – Чемыхин Алексей Сергеевич екінші кіші «Балдырған» тобының бүлдіршіндерімен «Қазақ ұлттық ойындары» атты спорттық сауық өткізді.

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті болғандықтан іс-шара басында бүлдіршіндерге ұлттық ойындар жайлы әңгіме айтылды, сан-алуан ұлттық ойындармен таныстырылды.

Аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар екенін балаларға түсіндірілді. Бүлдіршіндер «Арқан тартыс», «Кім епті», «Күш сынасу», «Қазақша күрес» сияқты ойындарды таласа, тартыса ойнады.  

 

.