КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында ағымды жылдың 28 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мерекесі атап өтілді. Ортаңғы «Қызғалдақ» тобы «Тұғырлы елім – еңселі Елім!» атты ертеңгілікті бүлдіршіндер мен тәрбиешілері жоғары дәрежеде өткізді.
Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткізген бұл ертеңгілікте балалар өздерінін тақпақтарын айтып, ән шырқаудан жалықпады. Ортаңғы топтың бүлдіршіндері қазақша, орысша ән айтып, қыздар «Сәуле шырақтар» және «Мөлдір су», ұлдар «Тұлпарлар» биін биледі. Ертеңгілікте Н.Назарбаевтың туған кезі мен балалық шағының көріністері қойылып, топ балалары сомдап шықты.
https://inkluziv-detsad8.kz/novosti-kz/293-t-ysh-prezidenti-k-ni-merekesi-atap-tildi.html#sigFreeId82c97f4174