ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Ерекше тәсіл»

Жезқазған қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес коррекциялық түзету бағытындағы логопедтер, дефектологтардың инновациялық тәжірибелерін насихаттау, инклюзиялық білім беру бойынша әдістемені жетілдіру, үздік тәжірибені тарату мақсатында 2019 жылдың 16-тамызында мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы орта білім беретін мектептердің логопедтері мен дефектологтары арасында «Ерекше тәсіл»  сайысы  өткізілген болатын. Сол сайыста«Айсұлу» инклюзивті  бөбекжайы қатысып, ІІ дәрежелі орынға  иеленді. 

 

Сайыстың мақсаты мен міндеті

 

2.1 Мақсаты: логопедиялық кабинеттің тіл мүкістігі бар  балаларды  түзетуде оңтайлы шарттарын қалыптастыру.

 

2.2 . Міндеттері:

 

• тіл мүкістігін түзету қажеттілігі бар балаларға түзетуші-дамытушылық орта және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;

•зейін, есте сақтау, ойлау, қабылдау, қозғалыс үрдістерін қалыптастыруда логопедтер жұмысының әдістері мен түрлерін жетілдіру;

• балалардың  интеллектуалды-танымдық іс-әрекетін жетілдіру;

• балалардың  коммуникативтік дағдыларын дамыту.